«Шаштары боялған, қолдарында алтын»: «Мектепке жол» көмегінен қағылған аналар жұрттың сынына калды

12.08.2026 10:29 Мөлдір ҚАЙНАР
«Шаштары боялған, қолдарында алтын»: «Мектепке жол» көмегінен қағылған аналар жұрттың сынына калды
286
Фото: caravan.kz

Атырау мен Шымкентте «Мектепке жол» акциясы бойынша берілетін көмекке қол жеткізе алмаған ата-аналар наразылық білдіріп, әлеуметтік желіде даулы видео жариялады, деп хабарлайды  Politico.kz.

Көпбалалы аналардың айтуынша, олардың берген өтініштеріне жаппай бас тарту туралы жауаптар келген. Осыған байланысты ата-аналар әлеуметтік қолдаудың не себепті берілмей жатқанын түсіндіруді талап еткен. «Мектепке жол» — аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларын жаңа оқу жылына дайындауға бағытталған дәстүрлі әлеуметтік көмек болып табылады.

Бұл жағдай желі қолданушылары арасында үлкен резонанс тудырды. Алайда бұл жолы көпшілік Үкіметті емес, наразылыққа шыққан аналардың өзін қатаң сынға алды.

Желідегілер видеодағы аналардың сырт келбетіне назар аударып, қаржыны мемлекеттен емес, күйеулерінен талап ету керек екенін жазып жатыр.

Айта кетейік, биыл оқу жылы қарсаңында 450 мыңға жуық баланы қамту үшін жергілікті бюджеттерден шамамен 23 млрд теңге бөлінген. Бір балаға берілетін көмектің ең төменгі мөлшері 50 851 теңгені құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға жоғары. Аталған қаржылай көмек жетімдерге, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға, аз қамтылған, атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын отбасылардың балаларына және өмірлік қиын жағдайға тап болған оқушыларға беріледі.

Войдите, чтобы оставить комментарий