"Шектен шықты": Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек туралы неге сұхбат бергені белгілі болды

27.11.2025 17:03 Мөлдір Талғат
0
755
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанова

Жанар Байсеміз продюсер Мөлдір Мұқанованың Тұрсынбек Қабатовпен ажырасуына қатысты не себепті сұхбат бергенін түсіндірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Медиақұрылтай барысында Мөлдір Мұқанованың жеке мәселесі тағы да талқыланып, журналист бұл тақырыптың көтерілуіне өз көзқарасын білдірді. Оның айтуынша:

«Отбасы, бұл – құндылық. Мөлдір мен Тұрсынбектің отбасы Қазақстаннан бөлек отбасы емес. Қазақстандағы отбасы. Отбасы – шағын мемлекет. Мемлекетті отбасы құрады. Өзінің деңгейін жоғары қоятын адамдар неге ол жағын ойланбайды? Осы сұхбаттан кейін, қаншама әйел Мөлдірге де, маған да жазып жатыр. Мұндай жағдайда жүрген қаншама отбасы бар», – деді Жанар Байсеміз.

Ол қазақ қоғамында «қазақ деген керемет халық, қанымыз таза, отбасылық құндылыққа мән береміз» деген түсінік жиі айтылатынын, бірақ қазіргі жағдайда “құндылық та, тазалық та қалмағанын, адалдықтың азайғанын” ашық жеткізді. Байсеміздің айтуынша, Мөлдір Мұқановаға осы дауға қатысты хабарласқан журналист өте көп болған, әр ортада оған бір сұрақты қайта-қайта қойған. Мөлдір бастапқыда ештеңе жарияламауға бекінгенімен, уақыт өте мәселе ушығып, оның шыдамы таусылған. Жанар Байсеміз бұл туралы:

«Мөлдірге хабарласқан журналистер өте көп болған. Бұл мәселе жан-жақтан гу-гу әңгіме болды. Әр жаққа барғанда, бұл сұрақтарды Мөлдірге қойды. Бірақ ол ештеңе жарияламаймын деді. Арада біраз уақыт өтті. Ол дүние ушығып кетті. Ол кісінің шыдамының шегі таусылды. Төзімі таусылды. Сосын кешке хабарласып: “бәрі сұрап жатыр, сізге сұхбат бергім келеді” деді. Алдында мен шақырғанмын. Мені таңдады», – деп түсіндірді.

Ал Мөлдір Мұқанованың өзі шындығын айту алдында Тұрсынбек Қабатовтың алдынан өткенін жеткізгені де айтылды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий