Шерзат ісін қарап жатқан судьяға сотталушының адвокаты шағым түсірді
Бүгін Шерзат Болаттың ісі бойынша кезекті сот отырысында сотталушы Абзал Шынасылдың адвокаты судья Ержан Жанұзақовқа қарсы шағым түсірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Жоғарғы соттың Telegram-дағы арнасының хабарлауынша, күннің бірінші жартысында сотталушы Абзал Шынасылдың қорғаушысы Ж.Әбенов төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақовқа қарсы шағым түсірді.
«Қылмыстық-процестік кодексінің 87-бабының 11-бөлігіне сәйкес істі жалғыз қарайтын судьяға қарсы шағымды сот төрағасы немесе соттың басқа судьясы шешеді. Заңның осы нормасын негізге ала отырып, шағымды сол соттың судьясы А.А.Беймбетов қарайды», - делінген хабарламада.
Жоғарғы соттың баспасөз қызметі өкілдері сот процесінің нақты басталу уақыты туралы қосымша хабарлайтынын мәлімдеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
22:54
Алматыда көлік жүргізіп бейнежазба түсірген әйе...
09.11.2026
20:13
Петропавл полициясы асқабақ ұрлағандарды іздест...
09.11.2026
18:55
«Тірі қалғандарың өкінішті»: Ашаршылықты келеме...
09.11.2026
18:44
Қазақстандағы ең жүктемесі көп 10 ақылы автожол...
09.11.2026
17:23
Қазақстандағы оқиға әлемдегі ең бай адамның наз...
09.11.2026
17:07
ҚазҰУ жатақханасындағы студент өлімі: оқиға тур...