Шерзат Полатты өлтіргендерге сот үкімі шықты

Шерзат Полатты өлтіргендерге сот үкімі шықты
05.06.2025 15:58
0
212
Коллаж: Ulysmedia.kz

Бүгін, 5 маусым күні Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды POLITICO. KZ. 

16 жастағы Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша сот Талдықорғанда өтті. Басты айыпталушы Абзал Шынасыл 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Равиль Сакиев - 20 жыл, Азамат Тоқтаубаев - 15 жыл, Шыңғыс Белғожаев - 7 жыл, Дархан Әскентай - 7 жыл, Нұрқияс Ілиясов - 7 жыл, Нұрбол Тоқтаубаев - 7 жыл, Дидар Қалиахмет - 7 жыл, Думан Ысқақ - 1 жыл 6 ай мерзімге сотталды. 

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы соттан жасөспірімнің қазасына байланысты айып тағылған тоғыз адамды қылмыс жасағаны үшін айыпты деп тануды сұрады. Прокурор оларды келесідей мерзімге бостандығынан айыруды ұсынды:

  • Абзал Шынасыл – Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі (адам өлтіру) және 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) және 24-баптың 3-бөлігі (қылмыс жасауға дайындалу және қылмыс жасауға оқталу) бойынша – 23 жыл;
  • Равиль Сакиев – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) және 293-24-баптың 3-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) – 20 жыл;
  • Шыңгыс Белғожаев – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық)– жеті жыл;
  • Дархан Әскентай – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) – жеті жыл;
  • Нұрқияс Ілиясов – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) – тоғыз жыл;
  • Нұрбол Тоқтаубаев – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) – жеті жыл;
  • Азамат Тоқтаубаев – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық), оған қоса 188-бап (ұрлық) бойынша – 15 жыл;
  • Дидар Қалиахмет – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) – жеті жыл;
  • Д. (кәмелетке толмаған) – 434-бап (ауыр қылмыс жасалғанын хабарламау) – бір жарым жыл.

 

Ал Шерзат Полаттың отбасы сотталушылардан 660 миллион теңге моральдық шығын талап етті. Жәбірленуші тараптың адвокаты айыпталушылар Абзал Шынасыл мен Равиль Сакиевтен Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына 50 млн теңгеден 100 млн теңге өтемақы өндіруді сұрады. 

Қалған 6 сотталушы - Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Ілияс Нұрқияс, Азамат Тоқтаубаев, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахметтен Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына 20 млн теңгеден, яғни 120 млн теңге өтемақы талап етті.

Еске салайық, қайғылы оқиға 2024 жылдың 4 қазанында болған еді. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий