Шерзаттың соты: Қаржаубай тың деректерді айтты

Бүгін, 18 сәуір күні Шерзат Полатты өлтіргендердің ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Шерзаттың әкесе Қаржаубай Нұрымов болған оқиғаны айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов баласы мен отбасы мүшелеріне Хуторский қылмыстық тобының мүшелері шабуыл жасағанын айтты.
«Қорғану мақсатында қолыма пышақ алдым. Нұрбол Тоқтаубаев «Хуторскийміз» дегенде сескендік. Бізді түсінбейді, төбелес тоқтамайды, бәрібір өзінікін жасап кетеді деген ой болды. Біреудің өлтінетін ойым болмады», – деді Нұрымов.
Оның айтуынша, ауылда бұрын қылмыс болған. Нұрымовтың көршісін пышақтап өлтіріп кеткен. Сондықтан ол мәселе ушығады деп қорыққан.
Бұған дейін Алматы облысының полиция департаменті өңірде «Хуторские» деген қылмыстық топтың жоғын хабарлаған еді.
Айта кетейік, бүгінгі сот отырысында Шерзаттың ағасы Нұрқанаттың өлімінің себептері айтылған.
Соңғы жаңалықтар





