Шетелде бой тасалап жүрген терроризмге қатысы бар төрт қазақстандық елге қайтарылды
791
Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттердің құзырлы органдарымен бірлесіп, іздеуде жүрген Қазақстан азаматтарын елге қайтару бойынша арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Politico.kz.
Биыл 7 және 12 мамырда шетелдерден ұлттық қауіпсіздік қызметінің арнайы бөлімшесінің конвойымен террористік қылмыстар жасады деген күдікке ілінген еліміздің төрт азаматы Қазақстанға жеткізілді.
Аталған тұлғалар ұзақ уақыт бойы шетелде бой тасалап жүрген және ҰҚК үйлестіруімен ұсталған.
«Оларға қатысты тиісті қылмыстық істер аясында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», – делінген хабарламада.
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
17:19
Түнде Астанада әскери техника қаптады: Билік се...
03.10.2026
16:01
Дубай–Тель-Авив рейсіндегі төтенше жағдай: Екін...
03.10.2026
15:05
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауа...
03.10.2026
14:17
Қызылорда облысында 500-ден астам мұғалімнің же...
03.10.2026
13:16
Түрмеде отырып 4 млн теңге жымқырған: Қазақстан...
03.10.2026
12:21
Қарызын сұрағаннан кейін үйіне мылтықпен барған...