Шетелде тату салдырған қазақстандық әнші көпшілікті таңғалдырды

05.01.2026 12:07 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
Шетелде тату салдырған қазақстандық әнші көпшілікті таңғалдырды
0
251
Фото: Instagram жеке парақшасынан

«Ринго» тобының әншісі Данияр Өтеген әлеуметтік желіде иығына салынған татуировкасы бар суретін жариялап, желі қолданушыларының қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Politico.kz

Жарияланған кадрдан әншінің бір иығын толық жауып тұрған ірі татуировка анық көрінеді. Бұл образ тыңдармандар үшін күтпеген жаңалық болды.

Желі қолданушылары әншіні бірден тани алмай қалғанын айтып, түрлі пікір қалдырды. Кейбір оқырмандар сырт келбетінің күрт өзгергенін сынаса, енді бірі әзіл мен иронияға толы пікір жазған.

«Танымай қалдым, қаптаған қытайлықтың біреуі шығар деп ойладым», «Норм жігіт пе деп жүрсек», «Үңгірден шыққандай, тірісің бе?», «Қытай боп кеттің бе?» деп жазды желі қолданушылары.

Сонымен қатар, татуировкаға қарсы пікір білдіргендер де табылды. Олар бұл әрекетті құптамай, «Харам», «Онша емес, бауырым» деген сынды сыни көзқарастарын білдірді.

Алайда әнші тараған сын-пікірлерге жауап беріп, денесіне салынған татуировканың уақытша екенін айтып, көпшілікті сабырға шақырды.

Данияр Өтегеннің бұл жазбасы желіде әлі де талқыланып, тыңдармандар арасында екіұдай пікір қалыптастыруда.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий