ШҚО-да жаңа аурухана құрылысы кезінде табылған адам сүйектері елді шошытты

25.04.2026 10:21 Қарақат АСЫЛОВА
ШҚО-да жаңа аурухана құрылысы кезінде табылған адам сүйектері елді шошытты
332
Видеодан кадр
Жаңа аурухана ескі қорымның үстіне салынып жатыр ма?

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласында жаңа жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы барысында адам сүйектері табылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Қазба жұмыстары жүріп жатқан аумақтан шыққан бұл олжа жергілікті тұрғындардың алаңдаушылығын тудырды. Тұрғындар бұл жерде бұрын ескі қорым немесе қауіпті инфекциялардан қайтыс болған адамдар жерленген болуы мүмкін деген болжам айтуда. Олардың айтуынша, мұндай жағдай болашақта түрлі қауіп тудыруы ықтимал.

Алайда әкімдік өкілдері бұл ақпаратты ішінара растады. Айтуларынша, аталған аумақта бұрын жұқпалы аурулар ауруханасы орналасқан, ал маңайында науқастарды жерлеу фактілері болған. Кейін бұл жер құрылысқа берілген. Ресми органдар қазіргі уақытта алаңдауға негіз жоқ екенін мәлімдеді. Дәрігерлер де осы аумақпен байланысты ешқандай инфекциялық аурулардың тіркелмегенін айтты.

Табылған адам сүйектері тиісті сараптамадан кейін қолданыстағы зиратқа қайта жерленеді. Билік өкілдері барлық рәсімдер заң талаптарына сай және қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізілетінін жеткізді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий