Шығыс Қазақстан облысында көне сәнби тайпасының моласы табылды
831
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында көне сәнби тайпасының молалары табылды.
Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының мәліметіне қарағанда, Катонқарағай ауданындағы Аршаты ауылынан 11 шақырым қашықта орналасқан Таутекелі шатқалында археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде, I мыңжылдықтың бірінші жартысымен мерзімделетін сәнби тайпасына тиесілі 13 жерлеу-аза тұту кешені табылған.

Айта кетейік, қазба жетекшісі – Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері Азат Айтқали.«Ортасында шұңқыры бар молалар тастармен қоршалған. Тереңдігі шамамен бір метр болатын мола шұңқырында негізінен ересек адамның мүрдесі, сирек жағдайда балаларды жерлеген. Ал екі молаға жылқыларды қоса жерлегені анықталды. Мола ішіне қыш ыдыс және жартылай бағалы тастардан жасалған моншақтар да қойылған», - делінген ақпаратта.



Соңғы жаңалықтар
25.09.2026
19:34
Сақатов жемқорлар туралы: 10 жылға сотталғандар...
25.09.2026
19:04
«Өкпесінен су алынбады»: Дәрігерлер Ақжол Темір...
25.09.2026
19:00
Баян Алагөзова: Трагедия осымен жетер, кінәліле...
25.09.2026
18:16
«Ұлым үйдің үлкені еді»: Каспийде қаза тапқан Ө...
25.09.2026
18:13
«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс минис...
25.09.2026
17:49
"Да вы что?": Қорғаныс министрлігі Қосановтың к...