Шығыста жол бойында аю серуендеп жүр (ВИДЕО)

16.07.2026 19:48 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Шығыста жол бойында аю серуендеп жүр (ВИДЕО)
73
Фото: Бейнеден алынған скрин

Желіде Шығыс Қазақстандағы тасжолдардың бірінде аюдың жүргені түсірілген видео тарап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Politico.kz.

Көп ұзамай бұл жағдайға қатысты ШҚО әкімдігі ресми түсініктеме беріп, оқиғаның мән-жайын ашты.

"Ақжайлау мен Үрүнқайқа ауылдарының арасындағы автожолда аюдың көрінуіне байланысты қазіргі таңда Марқакөл орман шаруашылығының және Марқакөл ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері оқиға орнында жұмыс жүргізуде. Қазіргі уақытта аю таулы аймаққа қарай кеткен. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындар мен аталған жол учаскесімен қатынайтын жүргізушілерге қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Марқакөл орман шаруашылығы қызметкерлерінің алдын ала ауызша мәліметіне сәйкес, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ", – деп хабарлады әкімдіктен редакциямызға.

Жағдай толықтай құзырлы органдардың қатаң бақылауына алынған.

Войдите, чтобы оставить комментарий