Шымкент маңында болған жол апатынан бір әулеттің үш адамы қаза тапты
1894
"Шымкент –Бадам" автожолында ірі жол-көлік оқиғасы болып, бір әулеттің үш адамы қаза тапты, деп хабарлайды Politico.kz.
Қайғылы жағдайдан қаза болғандардың арасында Астанадан қонаққа келген анасы мен қызы және інісінің 11 жастағы ұлы болғаны белгілі болды.
Жеңіл көлікте отырған тағы бір жолаушы жол апатына дейін қатар келе жатқан күйеуінің темір тұлпарына ауысқан екен.
Куәгерлердің айтуынша, жеңіл автокөлік жолда өзге көліктерді басып озып келе жатып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан қарсы беттен келе жатқан жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Куәгерлер жүк көлігі жеңіл көлікті соқтығысудан кейін шамамен 100 метрге дейін сүйреп барғанын айтады.
Оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазір жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.
Соңғы жаңалықтар
11.09.2026
09:01
Еркебұлан Тоқтар жауапқа тартылды
11.09.2026
08:34
Рыбакина туралы тағы бір сүйінші хабар жетті
11.09.2026
08:17
«Қыркүйек» пен «қыргүйек» дауы вице-президентке...
10.09.2026
23:20
19 жастағы сарбаз өздігінен жүре алмай үйіне ор...
10.09.2026
22:17
Тоқаев Төтенше жағдайлар министріне бірқатар на...
10.09.2026
21:19
Атырауда бес жасөспірім бір оқушыны ұрып-соққан...