Шымкентте бұрын сотталған ер адам 2-сынып оқушысына азғындық жасады

Шымкентте бұрын сотталған ер адам 2-сынып оқушысына азғындық жасады
06.05.2025 12:59
0
194
Фото: freepik.com

Шымкентте бұрын сотты болған ер адам оқушы қызға тиіскен. Бірақ бірінші сатыдағы сот оны қамауға алудан бас тартқан, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Бұған дейін Шымкенттің тергеу сотында болған өрескел жағдай туралы адвокат Талғат Есімов мәлімдеді. 

Оның айтуынша, оқиға 24 сәуірде көпқабатты үйдің кіреберісінде болған. Сегіз жасар қызды қорлаған ер адамның әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. 

«Ер адам екінші сынып оқушысының соңынан еріп, ол тұратын көпқабатты үйге кіріп, екінші және үшінші қабаттар арасында күтіп тұрған. Онымен сөйлесіп, белдемшесін көтеріп, іш киімін шешкен. Сосын анайы қылықтар жасаған», -деп жазды адвокат. 

 

Қыз қорқып, айқайлап жібереді. Ер адам қашып кетеді. Күдікті бұған дейін ұрлық, тонау қылмыстары үшін сотталған. 

Адвокат күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

«Судья Қоңырбаевтың төрағалығымен Шымкент сотының апелляциялық алқасы тергеу сотының қаулысының күшін жойып, күдіктіні қамауға алу туралы үкім шығарды», - деп жазды заңгер.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий