Шымкентте кәмелет жасқа толмаған қызды алып қашып кеткен жігіт зорлық көрсеткен

16.01.2026 14:14 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Шымкентте кәмелет жасқа толмаған қызды алып қашып кеткен жігіт зорлық көрсеткен
0
221
Фото: ашық дереккөз

Шымкентте кәмелетке толмаған қызды күштеп алып кетіп, зорлаған: қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Politico.kz.

Әлеуметтік желілерде Шымкент қаласында кәмелетке толмаған қыздың ұрланып, зорланғаны туралы ақпарат тарады. Бұл дерекке байланысты қала полициясы қылмыстық іс қозғалғанын растады.

Интернетте тараған бейнежазбада «қалыңдық алып қашу» сәті көрсетіледі. Кадрларда қызды көліктен күшпен сүйреп шығарып жатқанын, оның айқайлап, қарсылық білдіргенін көруге болады. Сондай-ақ оқиға орнында ақ жаулық таққан егде жастағы әйелдер жүргені байқалады.

Жәбірленушінің айтуынша, ол 17 жаста, студент, Шымкент қаласында тұрады және көпбалалы отбасынан шыққан.

«Мені бұрын көрмеген адам алып қашты. Бірнеше ер адам көлікпен келіп, күшпен отырғызып әкетті. Сарыағашқа апарды. Олар мені қалыңдық етпек болды. Барғанда көп адам жиналған, той жасап, отшашу атқызды. Ақ жаулық жаппақ болды. Сол сәтте бәрі алдын ала жоспарланғанын түсіндім. Ата-анам бұл туралы ештеңе білмеді. Мен қайта-қайта 17 жаста екенімді айтып, ата-анама хабарласуды сұрадым, бірақ ешкім тыңдамады», – дейді ол.

Қыздың сөзінше, кейін оны күшпен үйге кіргізіп, үлкен әйелдер «бұл – дәстүр» деп көндіруге тырысқан. Одан өз еркімен келгені туралы қолхат жазуды талап етіп, бас тартқан жағдайда телефонын алып қоямыз деп қорқытқан.

«Мені бір бөлмеде қалдырды. Әжелер басқа қонақтарға “сүйінші” сұрауға кеткен. Сол кезде зорлық болды. Мен өте ауыр күйде қалдым. Ешкім жағдайымды сұраған жоқ. Біраз уақыттан кейін қашып шығуға мүмкіндік туды», – дейді жәбірленуші.

Оның айтуынша, бірнеше күн өтсе де, істің тергелуі баяу жүріп жатқандай әсер қалдырған. Қазір қыз анасының қасында, ол істің әділ әрі жедел тергелуін талап етіп, қоғамнан көмек сұрап отыр.

Полиция мәліметінше, жәбірленушінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Іске қатысы бар барлық тұлғалар полиция басқармасына жеткізілген. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталған соң заң талаптарына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий