Шымкентте колледждер арқылы 1,35 млрд теңге жымқырғандарға сот үкімі шықты
1426
1,35 млрд теңге жымқырған схема әшкереленді
Шымкент қаласында екі колледжде бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқыру ісі бойынша сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Тергеу мәліметінше, қылмыстық схема 2018 жылдан 2025 жылға дейін жұмыс істеген. Күдіктілер мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жалған студенттерді рәсімдеп, қолдан құжаттар жасап, білім беру жүйесіне жалған мәліметтер енгізген.
Осының салдарынан мемлекетке 1,35 миллиард теңге көлемінде залал келтірілген.
Соттың шешімімен негізгі айыпталушы мүлкі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Қалған сотталушылар 4 жылдан 6,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
11.10.2026
17:22
Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне жауапты ұ...
11.10.2026
16:32
Әкімнің үйінде пеш түсіруге көмектескен оқушыны...
11.10.2026
15:30
Сауд Арабиясындағы әуежайға шабуыл жасалды: 12 ...
11.10.2026
14:32
Алматыда қоқыс жәшігінің жанынан мылтық табылды
11.10.2026
13:17
Алматыда әйелдің бөксесінен ұстап тиіскен шетел...
11.10.2026
12:21
Қайрат Нұртас концертіне қатысты қылмыстық іс қ...