Шымкентте мектептерге шабуыл жасалады деген ақпарат тарады
Шымкентте Telegram-арналар мен мессенджер чаттары арқылы мектептерге шабуыл жасалатыны жөніндегі ақпарат тарап, тұрғындар арасында алаңдаушылық туғызды, деп хабарлайды Politico.kz.
Белгісіз тұлғалар 16 қаңтар күні қала мектептерінде жаппай қырғын болады деп қауіп төндірген.
Аталған мәліметке байланысты Шымкент қаласының Полиция департаменті ресми түсініктеме берді. Құқық қорғау органдары бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын, яғни фейк екенін мәлімдеді.
«Тұрғындарды дүрбелеңге берілмеуге және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз. Қазіргі таңда жағдай толық бақылауда, барлық білім беру ұйымдарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді», – делінген полиция хабарламасында.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары жалған ақпарат таратқандардың заң аясында қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті. Қазіргі уақытта дерекке қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...