Шымкентте университетте 320 млн теңгеден астам қаржы жымқырғандар сотталды

17.04.2026 22:30 Қарақат АСЫЛОВА
Шымкентте университетте 320 млн теңгеден астам қаржы жымқырғандар сотталды
324
Университеттегі миллиардқа жуық дауға нүкте қойылды

Шымкент қалалық соты Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ-да болған ірі көлемдегі қаржы жымқыру ісіне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Politico.kz.

Іс бойынша барлығы сегіз адам сот алдында жауап берген. Сот материалдарына сәйкес, жеті айыпталушы қызметтік жағдайын пайдалана отырып, аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және талан-таражға салу дерегімен айыпталған. Тағы бір адам ірі көлемдегі ұрлыққа қатысы бар деп танылды.

Іс барысында университеттің бірінші проректорының салғырттығынан мемлекетке 153 млн теңгеден астам шығын келгені анықталған. Сонымен қатар қаржы департаментінің директоры әрі бас бухгалтер 166 млн теңгеден астам қаражатты жымқырғаны, ал сол бөлімнің уақытша басшысы 100 млн теңгеден астам қаржыны заңсыз иемденгені белгілі болды.

Әкімшілік-шаруашылық департаментінің директоры алдын ала сөз байласу арқылы өзге тұлғалармен бірге жалпы 320 млн теңгеден астам қаржыны қолды еткен. Басқа айыпталушылардың әрекеттері нәтижесінде 50 млн, 61 млн және 24 млн теңгеден астам шығын келгені де сотта дәлелденген. Тағы бір тұлға 7 млн теңгеден астам қаражаттың жымқырылуына жәрдемдескен.

Сот барлық айыпталушылардың кінәсі куәгерлердің жауаптары, сараптама қорытындылары және өзге де дәлелдер арқылы толық дәлелденгенін мәлімдеді. Сот айыпталушыларды кінәлі деп танып, оларға 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру және шектеу жазаларын тағайындады. Кейбір тұлғаларға амнистия мен шартты жаза қолданылған.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий