Шымкентте үш жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап, көз жұмды

Шымкентте үш жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап, қаза тапты
Шымкент қаласындағы Тұран шағын ауданында ауыр әрі қайғылы оқиға тіркелді. Үш жасар бала көпқабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабатындағы терезеден құлап, алған жарақаттарынан көз жұмды.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға әп-сәтте болған. Бала қараусыз қалған сәтте терезе жақтауына шыққан. Сол мезетте тепе-теңдікті ұстай алмай, төменге құлап түскен. Жедел жәрдем қызметі дереу жеткенімен, дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады. Ақ халаттылар бүлдіршіннің алған жарақаттары өмірмен үйлеспейтін болғанын айтты.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тиісті органдар тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Мамандар ата-аналарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып отыр. Әсіресе, кішкентай балаларды үйде қараусыз қалдырмауға және терезелерге арнайы қорғаныс торларын орнатуға кеңес беруде.
Соңғы жаңалықтар





