«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығын айтты

«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығын айтты
Фото: видеодан скриншот

Белгілі журналист әрі тележүргізуші Дана Нұржігіттің ұлы Әлім өгей әкесінен көрген қорлығы туралы ашық айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол бұл туралы анасының сталкинг тақырыбына арналған «Көлеңке. 115-1» кітабының тұсаукесерінде мәлімдеді. Жасөспірім сол кезеңде отбасының басынан өткерген ауыр күндеріне тоқталды.

«Мамам көрген, мен көрген қиындықтарды жауыма да тілемеймін. Бұл кітап тек білім туралы емес, бұл өмірге керек нұсқаулық. Сталкинг — әлеуметтік мәселе», — деді Әлім.

Еске сала кетейік, бұған дейін Дана Нұржігіт күйеуінен көрген қысымы мен зәбірі жайында Динара Сәтжанға берген сұхбатында бөліскен болатын. Тележүргізуші сол кездегі жан күйзелісін жасырмай, отбасындағы жағдайдың тым ауыр болғанын айтқан еді.

«Жынданудың аз-ақ алдында қалдым. Адамның отбасында қалу немесе айырылысу құқығы бар. Менің жағдайымда бұл моральдік-психологиялық қысым болды... Түсінбейтін адамға бірдеңені түсіндіру өте қиын екен. Мен ол кезде ешкімге ештеңе айта алмадым», — деген еді ол.

Журналистің отбасындағы бұл ашық әңгімесі қоғамдағы тұрмыстық қысым мен сталкинг құрбандарының мәселесін тағы бір мәрте күн тәртібіне шығарып отыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу