Шымкенттегі резонансты іс: Нұрай Серікбайдың ісі бойынша жаңа шешім шықты
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 21 жастағы студент Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.
Соттың алдын ала тыңдалымында басты сот талқылауы 28 шілдеге белгіленді. Іс ашық режимде қаралады. Алайда қорғау тарапының қарсылығына байланысты сот отырысының онлайн трансляциясы жүргізілмейді.
Іс алқабилердің қатысуынсыз өтеді. Бұл шешімге сотталушы, 28 жастағы Шерхан Аймаханның алқабилер сотынан бас тартуы себеп болған.
Айыпталушыға аса қатыгездікпен адам өлтіру, сталкинг және некеге тұруға мәжбүрлеу баптары бойынша айып тағылған. Аталған баптар бойынша оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Сот-психиатриялық сараптама қорытындысына сәйкес, айыпталушы есі дұрыс деп танылған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...