Шымкенттің бас тұрғын үй маманы темір торда: Шенеунік 12 жылға дейін сотталуы мүмкін

15.12.2025 16:18 Арман Ермеков Арман Ермеков
Шымкенттің бас тұрғын үй маманы темір торда: Шенеунік 12 жылға дейін сотталуы мүмкін
0
861
Фото: gov.kz

Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбековке қатысты қылмыстық істің жаңа деректері белгілі болды. Қазіргі таңда лауазымды тұлға Астана қаласының тергеу изоляторында қамауда отыр. Оған аса ауыр бап бойынша айып тағылған, деп жазады Politico.kz.

Бас прокуратураның Kazinform агенттігінің сауалына берген жауабына сүйенсек, шенеунікке қатысты тергеу жұмыстары ол тұтқындалғанға дейін бірнеше ай бұрын басталған екен. Еске салайық, Жүнісбеков басқарма басшысы қызметіне осы жылдың көктемінде ғана тағайындалған болатын.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыстық істі 5 наурызда қозғаған. Жамбыл облысы прокурорының орынбасары Ғалымжан Дәленовтің мәліметінше, тергеу барысында Қылмыстық кодекстің сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу бабы бойынша іс жүргізілуде.

Оқиғаның хронологиясы мынадай:

  • 21 тамызда Нұрбол Жүнісбеков Қылмыстық-процестік кодекстің талаптарына сай құрықталды.
  • 23 тамызда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктіні күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Бастапқыда Ұлттық қауіпсіздік комитеті шенеуніктің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталғанын растаған еді. Алайда тергеу барысында жиналған айғақтар негізінде, 29 қыркүйекте оның әрекеті ауырлата түсті. Қазіргі таңда оның ісі Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы (Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының аса ірі көлемде мүлікті жымқыруы) бойынша сараланып отыр.

4 қазан күні құзырлы органдар тергеу әрекеттерінің аяқталғанын жариялады. Қазіргі уақытта қорғаушы тарап пен күдікті қылмыстық іс материалдарымен танысу үстінде. Бұл процесс аяқталған соң, іс прокурорға жолданатын болады.

Егер сотта шенеуніктің кінәсі толық дәлелденсе, оны қатаң жаза күтіп тұр. Аталған баптың санкциясы бойынша, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір қызметтерді атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий