СІМ соғыс аймағында жүрген қазақстандықтарға қатысты маңызды ақпарат жариялады

02.10.2026 • 20:28 Қарақат АСЫЛОВА
СІМ соғыс аймағында жүрген қазақстандықтарға қатысты маңызды ақпарат жариялады
245
Фото: Egemen Qazaqstan

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі соғыс қимылдары жүріп жатқан аумақта жүрген қазақстандықтарды елге қайтару мәселесін бақылауға алды, деп хабарлайды Politico.kz.

Ведомство Ресей тарапымен тиісті консультациялар жүргізіп жатқанын хабарлады.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан азаматтарының Отанына оралуға көмек сұраған өтініштері тараған. СІМ бірқатар отбасы министрлікке тікелей жүгініп үлгергенін мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, соғыс аймағында жүрген азаматтар туралы нақты ақпарат жинау үшін арнайы жедел желілер жұмыс істейді. Туыстарынан азаматтың аты-жөні, туған күні, болжамды орналасқан жері және жасалған еңбек шарты туралы мәлімет беру сұралады.

Қазақстандықтарды елге қайтару бойынша бірлескен шараларды әзірлеу мақсатында СІМ Ресей тарапымен келіссөздерді жалғастырып жатыр. Бүгін Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ресейдің Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілімен кездесті.

Сондай-ақ жақын арада Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ресей Сыртқы істер министрлігі мен Қорғаныс министрлігінің басшылығымен кездесулер өткізеді.

Соғыс аймағында жүрген Қазақстан азаматтарына қатысты ақпарат беру үшін арнайы жедел желілер ашылған:

ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті:
+7 (7172) 72-05-00
Dks_ast@mfa.kz

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі:
+7 (925) 897-71-14
consul.moscow@mfa.kz

Астраханьдағы Бас консулдық: +7 (906) 177-70-88
Қазандағы Бас консулдық: +7 (905) 020-30-42, +7 (843) 202-05-92
Омбыдағы Бас консулдық: +7 (968) 100-73-06
Екатеринбургтегі Бас консулдық: +7 (939) 919-76-33
Санкт-Петербургтегі Бас консулдық: +7 (981) 916-25-12, +7 (921) 188-90-60

СІМ жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижелері туралы қосымша ақпарат берілетінін мәлімдеді.

Войдите, чтобы оставить комментарий