"Сиырға туған күн бұзауға да туады": Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдызға неге ескерту жасады?
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз бен оның ата-анасы туралы пікір білдіріп, желіде тағы да қызу талқылау тудырды, деп жазады POLITICO.KZ.
Бұл туралы Threads қолданушысының жазбасы арқылы белгілі болды.
Пайдаланушы Айдарбековадан:
«Мен сізді ана ретінде қолдаймын. Бас иемін. Бірақ Жұлдыз және оның ата-анасымен қарым-қатынасты неге дұрыстамайсыз?» – деп сұраған.
Гүлзира Айдарбекова бұл сауалға былай деп жауап берді:
«Мен Құдай емеспін ғой, бәрін қолымнан келеді деп ойлайтындай. Әр адамның өз қалауы бар емес пе? Оның үстіне 5 козырь қолында, оның бәрі — өз ұрпағым. Әрі керең, әрі соқырмыз. Солардың бақыты үшін не істемейміз? Әр адам басына келгенде түсінер. Көрінген таудың алыстығы жоқ дегендей, балалары өсіп жатыр. Сиырға туған күн бұзауға да туады. Сол кезде бәрін түсінетін болады», – деп жазды ол.
Сондай-ақ, «ұлыңызды жаныңыздан алыстатпайсыз» деген пікірге продюсер қатқылдау жауап берді:
«Жаныма байлап қойғаным жоқ. Продюсер ретінде жұмысымды жасап жүрмін. Бала-шағасы қасында, ешқайда кеткен жоқ. Басқа әйел де алып қойған жоқ. Ұлдарыма тоқал алсаңдар, мені тірідей көме салыңдар, немерелерімді жылатып жүрегімді жараламаңдар дегенім бе?», – деді Айдарбекова.
Соңғы жаңалықтар