Сол аяғымның өкшесі мен табанына арқамнан ет алды - балық жеген әйел

Сол аяғымның өкшесі мен табанына арқамнан ет алды - балық жеген әйел
07.05.2025 12:04
0
453
коллаж politico.kz

Балық жеймін деп аяқ-қолынан айырылған Бота Бурханова Жанар Бейсемізде қонақта болып, өз оқиғасымен бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Ол Түркіия елінде қарайып кеткен қолы мен аяғына ота жасалғанын баяндап берді.

Оң қолымды жан бітіру үшін ішімді кесіп, ішіне тігіп қойды. Осыдан кейін бірнеше күннен соң барып, сол аяғыма ота жасалды. Ол он бір сағатқа созылған. Қазақстанда дәрігерлер плазма жібергенін айтып едім ғой, сол нәрсе бүкіл тамырларымды бітеп тастаған. Түрік дәрігерлері соны тазалғандарын айтты. Өкше мен табан жасау үшін арқамнан ет алған. Өте қиын операция болыпты, дейді Бота.

Осыдан кейін екі аяғын қосып тігіп қойған.

Оң аяғымды дақұтқарып қалады деген үміт болған. Бірақ, мүмкін болмады. Отадан кейін аяғымды көтеріп қалсам жеп-жеңіл. Шошып кеттім. Сөйтсем тіземнен бастап кесіп тастапты. Оны қабылдау өте ауырға соқты. Дәрігерлерге жан ақайымды айтып жатырмын. Бірақ олар мені түсінбейді ғой. Олар менің тым кешігіп көмекке жүгінгенімді айтады, деген Бота жылап қалды

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий