Солтүстік Корея Украинадағы соғыс арқылы 20 миллиард доллар пайда тапты

Солтүстік Корея Украинадағы соғыс арқылы 20 миллиард доллар пайда тапты
16.04.2025 16:02
0
717
KRISTINA KORMILITSYNA/POOL/AFP via Getty Images
Солтүстік Корея Украина соғысы арқылы әскери әлеуетін күшейтуде

Солтүстік Кореяның Украинадағы қақтығысқа араласуы ел экономикасына 20 миллиард доллардан астам пайда әкелді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Newsweek дерегіне сүйене отырып.

Бұл ақпаратты Оңтүстік Кореяның Қорғаныс талдаулары институты (KIDA) жариялаған зерттеу баяндамасы растайды. Онда Пхеньян мен Мәскеу арасындағы әскери ынтымақтастықтың ықтимал пайдасы көрсетілген.

KIDA мамандары Солтүстік Кореяның негізгі табысы оқ-дәрілер жеткізу арқылы келгенін айтады. Сонымен қатар, мыңдаған әскери қызметкер жіберіп, техникалық көмек көрсету де кіріс көзіне айналған.

Осы қолдаудың есесіне Пхеньян Ресейден негізінен «табиғи және техникалық көмек» алған болуы мүмкін. Бұл – жоғары технологиялы қару-жарақ түрлері, Солтүстік Кореяның әскери әлеуетін күшейтіп, стратегиялық мақсаттарын ілгерілетуге ықпал етеді.

Зерттеу авторлары Украинадағы соғысты дереу тоқтатып, Солтүстік Корея мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастыққа тосқауыл қою қажеттігін алға тартады. Сонымен қатар, мұндай байланыс соғыстан кейін де жалғасуы мүмкін екенін ескеріп, ұзақмерзімді қарсы шаралар әзірлеу керек деп есептейді.

KIDA баяндамасындағы мәліметтерді Open Source Center (OSC) орталығы мен Reuters агенттігі жүргізген жеке зерттеу де қуаттайды.

Олардың есебінше, 2023 жылғы тамыз бен 2025 жылғы наурыз аралығында Солтүстік Корея Ресейге 15 800-ден астам оқ-дәрі салынған контейнер жеткізген.

OSC және Reuters спутниктік суреттер мен үш өлшемді бейнелерді зерттеу арқылы бұл тасымалдардың нақты көлемін есептеген. Төрт ресейлік кемемен жеткізілген 64 жүктің ішінде 4,2–5,8 миллион дана оқ-дәрі болғаны болжануда.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий