Солтүстік Қазақстанда кәріз сорғы станциясында екі жұмысшы қаза тапты
Солтүстік Қазақстан облысында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Politico.kz.
Кәріз жүйесіне қызмет көрсететін сорғы станциясында екі жұмысшы улы газдан көз жұмды. Оқиға 22 сәуір күні күндіз Айыртау ауданына қарасты Саумалкөл ауылындағы кәсіпорында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 1978 жылы туған электрик пен 1976 жылғы жөндеуші маман жұмыстарын жүргізу кезінде күкіртсутек пен метан газдарынан уланып, оқиға орнында жан тапсырған. Жедел жәрдем дәрігерлері олардың өлімін улы газдардың әсерінен болғанын растады.
Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, өңірде өндіріс орындарындағы жазатайым оқиғалар бұған дейін де тіркелген.
Соңғы жаңалықтар