Солтүстік Қазақстанда танымал кәсіпкерді атып өлтірді

01.11.2025 18:01 Мөлдір Талғат
Солтүстік Қазақстанда танымал кәсіпкерді атып өлтірді
0
2243
Әлеуметтік желі

Солтүстік Қазақстан облысында қайғылы оқиға тіркелді. Тимирязев ауданының Докучаево ауылында белгілі фермер, «Бурбат» ЖШС басшысы Азамат Батанов қаза тапты.

Алдын ала мәлімет бойынша, 22 жастағы ауыл тұрғыны мас күйінде фермердің үйіне келіп, еңбекақысын талап еткен. Ер адамдар арасында жанжал туындап, күдікті фермердің қолындағы мылтықты тартып алып, оқ атқан.

Азамат Батанов оқиға орнында көз жұмды.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қайғылы жағдайды растады:

«22 жастағы күдікті ұсталды. Докучаево ауылының 52 жастағы тұрғынының өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды», — делінген хабарламада.

Тимирязев ауданының әкімі Ерлан Жаров марқұмның отбасына көңіл айтты:

«31 қазанда “Бурбат” ЖШС директоры Азамат Есмағұлович Батанов қаза тапты. Ол 1989 жылдан бері Докучаево ауылында тұрған. Үйленген, екі баласы мен бес немересі бар еді», — деді әкім.

Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий