Солтүстік Қазақстанда жантүршігерлік жол апаты салдарынан екі адам қаза тапты
Қарсы жолаққа шыққан көлік екі адамның өмірін қиды
7 ақпан күні Солтүстік Қазақстан облысында, Қызылжар ауданына қарасты Карлуга ауылының маңында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Politico.kz.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, апат сағат 15:10 шамасында Жезқазған–Арқалық–Петропавл тас жолының 927-шақырымында болған. 55 жастағы Toyota Camry көлігінің жүргізушісі Петропавл қаласынан Явленка ауылы бағытында келе жатып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Соның салдарынан Shacman жүк көлігімен соқтығысқан.
Соқтығысудан кейін екі көлік те өртеніп кеткен. Жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Ал жүк көлігінің 37 жастағы жүргізушісі медициналық тексеруден өткеннен кейін ауруханаға жатудан бас тартқан. Оған кеуде тұсының соғылуы диагнозы қойылған.
Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
16:34
Жамбылда есірткімен ұсталған ресейлік рэпер Nav...
09.11.2026
16:19
Танымал блогер Біржан Әшімнің әкесі дүниеден өтті
09.11.2026
16:15
"Билегені де жиіркенішті": Бесбаевтың тойына то...
09.11.2026
15:51
Түркістанда балалар ойын алаңында екі әйел төбе...
09.11.2026
15:19
Әйел мен төрт баласын бензин құйып өртеген ер а...
09.11.2026
14:21
"Үш-төрт әйел алуға мүмкіндік бар": Төреғали Тө...