«Сот арқылы көресіз»: Жамбыл облысында 19 жасында көз жұмған келіншектің анасы немересіне жете алмай жүр
Жамбыл облысы Меркі ауданы Қызыл қыстау ауылында 19 жасында көз жұмған Мәдина Рашидқызының анасы артында қалған немересін көре алмай, шырылдап жүр, деп хабарлайды Politico.kz.
Қайғылы жағдайдан кейін марқұм жас келіншектің артында он айлық сәбиі қалған болатын. Блогер Жан Ахмадиев жариялаған бейнежазбада қара жамылған ананың немересінің жүзін көру үшін құдаларының есігін қағып барғаны көрінеді.
Алайда марқұмның енесі оны үйге кіргізбей, сәбиді көрсетуден үзілді-кесілді бас тартқан.
«Сот арқылы, рұқсат алып көресіз», – деп жауап қатқан енесі нағашы әжесінің немересімен қауышуына қарсылық білдірген.
Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, қызынан айырылған ананың күйігіне жанашырлық танытқан желі қолданушыларының ашу-ызасын тудырды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
17:23
Қазақстандағы оқиға әлемдегі ең бай адамның наз...
09.11.2026
17:07
ҚазҰУ жатақханасындағы студент өлімі: оқиға тур...
09.11.2026
16:34
Жамбылда есірткімен ұсталған ресейлік рэпер Nav...
09.11.2026
16:19
Танымал блогер Біржан Әшімнің әкесі дүниеден өтті
09.11.2026
16:15
"Билегені де жиіркенішті": Бесбаевтың тойына то...
09.11.2026
15:51
Түркістанда балалар ойын алаңында екі әйел төбе...