СҚО-да әйел өз өзін өртемек болып, жансақтау бөліміне түсті
Астраханка ауылында әйел өзіне зиян келтіріп, ауруханаға жеткізілді
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданына қарасты Астраханка ауылында 30 сәуірге қараған түні төтенше оқиға болды, деп хабарлайды Politico.kz.
42 жастағы әйел үстіне жанармай құйып, өз өзін өртемек болды. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға жеке тұрғын үйде болған. Әйелдің денесінің шамамен 80 пайызын күйік шалған. Жедел жәрдем қызметі оны бірден ауруханаға жеткізген.
Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы өте ауыр. Кейін ол аудандық ауруханадан Петропавл қаласындағы көпсалалы жедел медициналық жәрдем ауруханасына ауыстырылған.
Оқиғаның нақты себептері әзірге белгісіз. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Құқық қорғау органдары барлық мән-жайды анықтап жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...