Нұрай Серікбайдың туыстары күдіктінің жақындарын да жауапқа тартуды талап етуде

30.04.2026 18:33 Қарақат АСЫЛОВА
Нұрай Серікбайдың туыстары күдіктінің жақындарын да жауапқа тартуды талап етуде
408
Фото: CMN.kz
«Алып қашуға көмектесті»: Нұрайдың отбасы жаңа талап қойды

Нұрай Серікбайдың туыстары қызды ұрлау кезінде күдіктіге көмектесті деп есептелетін оның жақындарын қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етуде, деп хабарлайды Politico.kz.

Қайғылы оқиға 11 қаңтар күні болған. Бейнебақылау камералары 28 жастағы ер адамның Нұрайды аңдып, кейін оған пышақпен шабуыл жасағанын тіркеген. Салдарынан бойжеткен қаза тапты.

Тергеу барысында бұл қылмысқа дейін бірнеше айға созылған аңду (сталкинг) және «алып қашу» дерегі болғаны анықталды. Марқұмның ағасы Сұлтан Серікбайдың айтуынша, 2025 жылдың қазан айында күдікті Нұрайды алдап, Алматыдан Шымкентке алып кеткен. Онда оның туыстары үйлену тойына дайындалып жатқан. Кейін қызды ағасы алып қайтып, полицияға арыз түсірген.

Алайда, отбасының мәліметінше, құқық қорғау органдары қызды ұрлау, аңду және қорқыту фактілері бойынша бірнеше рет жазылған арыздарға дер кезінде әрекет етпеген.

Сұлтан Серікбайдың айтуынша, жауапкершілік тек күдіктіге ғана емес, оған көмектескен адамдарға да жүктелуі тиіс.

«Нұрайды алып қашқан кезде оның телефонын тартып алып, сыртқа шығармай ұстаған. Біз күдіктінің туыстары мен жақындары да осы іске қатысқан деп есептейміз. Сондықтан олардың бәрі заң алдында жауап беруі керек», – деді ол.

Марқұмның ағасы Жаңаөзендегі ұқсас істі мысалға келтіріп, онда алып қашуға қатысқаны үшін бірнеше адам сотталғанын атап өтті. Отбасы сот процесі барысында барлық кінәлілердің жауапқа тартылып, негізгі күдіктіге ең қатаң жаза тағайындалуын талап етіп отыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий