СҚО-да әйел танысын өлтіріп, мәйітті кереует астына жасырып қойған

25.04.2026 09:16 Қарақат АСЫЛОВА
СҚО-да әйел танысын өлтіріп, мәйітті кереует астына жасырып қойған
286
Ашық дереккөзден
Қазақстандық әйел бірнеше күн бойы кереует астындағы танысының мәйітімен бірге тұрған

Солтүстік Қазақстан облысында адам өлтіру ісі бойынша әйелге үкім шықты, деп хабарлайды Politico.kz.

Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сот 53 жастағы Қызылжар ауданы Бескөл ауылының тұрғынын кінәлі деп таныды. Іс материалдарына сәйкес, оқиға биыл 27 ақпанда болған. Әйел үйінің ауласында отын шабуға дайындалып жүрген кезде, мас күйдегі танысы келген. Ол кетуден бас тартқан.

“Айыпталушының айтуынша, есікті жабу үшін ер адамның артына өткен сәтте, ол теңселіп әйелге қарай еңкейген. Сол кезде «қорқыту үшін» екі рет балтамен соққы жасаған”.

Алайда соққылар балтаның жүзімен тиіп, ер адам оқиға орнында көз жұмған. Оқиғадан кейін әйел қан іздерін жуып, мәйітті бөлмеге апарып, кереуеттің астына жасырған. Бірнеше күн бойы ол қалыпты өмірін жалғастырып, жұмысқа барып жүрген.

Жоғалған ер адамның туыстары полицияға жүгінген. Тергеу барысында соңғы рет марқұмның айыпталушымен бірге болғаны анықталған. Полиция қызметкерлері әйелдің үйін тексеру кезінде жатын бөлмедегі кереуеттің астынан мәйітті тапқан.

“Сот айыпталушының бұл сөздерін жауапкершіліктен жалтару әрекеті деп бағалады. Сонымен қатар, оның оқиғадан кейін жәбірленушіге көмек көрсетпегенін атап өтті”.

Сотта әйел кінәсін мойындағанымен, адам өлтіру ниеті болмағанын алға тартқан. Алайда сот бұл уәжді қабылдамай, оның әрекетін қасақана жасалған қылмыс деп бағалады. Сондай-ақ, сот айыпталушының бұған дейін де ауыр қылмыстар үшін сотталғанын және бұл жағдай қауіпті рецидив екенін атап өтті.

“Сот үкімімен айыпталушы 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Сонымен қатар, алкоголизмнен мәжбүрлі ем тағайындалды”.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ, сотталған тарап апелляцияға шағым түсірмек.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий