Судья Әбинұр Қарабаевтың қылығына қатысты тексеріс басталды

19.08.2025 14:25 Арман Ермеков Арман Ермеков
Судья Әбинұр Қарабаевтың қылығына қатысты тексеріс басталды
0
1743
Сурет: Бейнеден кадр
Шымкенттегі сот төрағасының оғаш қылығына қатысты тексеріс басталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ саяси-әлеуметтік порталы.

Шымкент әкімінің орынбасарына жасалған қастандық туралы істі қарау кезінде журналиске тілін көрсеткен судья Әбинұр Қарабаевтың әрекеті енді судьялар әдебі жөніндегі комиссияда қаралатын болды.

Шымкент қалалық сотының судьясы Әбинұр Қарабаевтың атышулы істі қарау кезіндегі әрекеті үлкен дауға себеп болды. Руслан Берденовке қастандық жасау туралы істі тыңдау барысында ол журналиске тілін шығарып көрсеткен. Әрекеті видеоға түсіп қалып, қоғамда қызу талқыланған соң, соттың баспасөз қызметі судьяның үстінен қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады.

"Төрағалық етуші судья Әбинұр Қарабаевтың әрекеттері Судья әдебі кодексін бұзу тұрғысынан тексерілуге жатады. Заңнама талаптарына сәйкес қызметтік тексеру тағайындалады", - делінген хабарламада.

Соттың мәліметінше, тексеріс қорытындысы бойынша материалдар Судья әдебі жөніндегі комиссияның қарауына шығарылады.

"Егер судьяның ар-намысқа нұқсан келтіретін теріс қылық жасау фактісі расталса, материалдар Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі жюриіне жіберіледі", - деп толықтырды соттың баспасөз қызметі.

Енді судьяның бұл еркелігі оның мансабына қалай әсер ететінін алдағы тексеріс нәтижелері көрсетеді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий