Сұлтан Сәрсемәлиев туралы нақты ақпарат айтқан "атыраулық хакерге" қатысты тың дерек шықты

04.06.2026 13:07 Мөлдір ҚАЙНАР
Сұлтан Сәрсемәлиев туралы нақты ақпарат айтқан
232
Фото: коллаж politico.kz

Атырау облысының прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігі өзін «хакер» деп атаған азаматқа қатысты қозғалған қылмыстық іске байланысты мәлімет берді, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұған дейін ол әлеуметтік желілерде Жаңгелдин ауылындағы отбасының жоғалуына қатысты өз нұсқасын жариялаған болатын.

Прокуратураның мәліметінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Атырау облыстық полиция департаменті жүргізіп жатыр. Ер адамға бірнеше рет жасалған алаяқтық бойынша айып тағылған. Ведомство бұл айыптардың отбасы өліміне қатысты іспен байланысты емес екенін атап өтті.

Белгілі болғандай, 2026 жылдың 9 қаңтарында оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы сырттай санкцияланып, халықаралық іздеу жарияланған.

Қазіргі уақытта күдікті Қазақстаннан тыс жерде жүр. Осыған байланысты Қылмыстық-процестік кодекстің талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеу уақытша тоқтатылған.

Ішкі істер министрлігі Интерпол желісі арқылы іздеуде жүрген азаматтың Түркия аумағында ұсталғанын растады. Қазір оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

Министрлік мәліметінше, тергеу жалғасуда.

Qamqor сервисіндегі деректерге сәйкес, «атыраулық хакер» ретінде танылған азамат – 32 жастағы ер адам. Ол 2026 жылдың 9 қаңтарынан бері халықаралық іздеуде болған.

Войдите, чтобы оставить комментарий