Сұлулық байқауының финалисін күйеуі өлтіріп, денесін блендермен ұсақтап тастады
Швейцарияда сұлулық байқауының финалисі 38 жастағы Кристина Йоксимович айуандықпен өлтірілді.
Ол қыста мерт болған еді. Кристинаның дене бөліктері Базель қаласында табылып отыр. Сұлулық байқауының қатысушысын 41 жастағы күйеуі Томас өлтірген екен.
Психикалық ауытқу мен патологиялық қызғаныш салдарынан Томас әйелін тұншықтырып өлтірген. Ұсталып қалмас үшін ол мәйітті ұсақ бөліктерге бөліп, кейбір бөліктерін блендермен ұсақтап, содан кейін химиялық затпен еріткен.
Күйеуі полицияға Кристина оған пышақпен шабуылдағандықтан, өзін қорғау үшін өлтірдім деп ақталғанымен, сараптама оның сөзін жоққа шығарды.
Сотта ер адам суыққанды және эмпатияға қабілетсіз адам деп сипатталды.
Йоксимовичтің артында екі қызы қалды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
12:31
«Борат» фильмі үшін Саша Барон Коэн қазақтардан...
29.10.2026
12:15
Асханадан саунаға дейін: «Қазақмыс» жұмысшыларғ...
29.10.2026
11:58
Дана Медеуова «Қазақстан балалары» депутаттық т...
29.10.2026
11:54
«Күліп жүргеннің бәрі бақытты емес»: Ердос Қана...
29.10.2026
11:23
12 жылға сотталған ҰҚК подполковнигінің үкімі ж...
29.10.2026
11:20
Жәрдемақыны енді бәріне бірдей бермейді: отбасы...