Сүт фермасындағы трагедия: әкесі екі баласымен қаза тапты

22.07.2026 09:30 Мөлдір ҚАЙНАР
Сүт фермасындағы трагедия: әкесі екі баласымен қаза тапты
170
Фото: ЖИ

Павлодар облысындағы сүт фермасында болған қайғылы оқиғадан қаза тапқан алты адамның төртеуі бір отбасының мүшелері болған, деп хабарлайды Politico.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеп.

Қайғылы жағдай 20 шілдеде Ақтоғай ауданындағы «Aktogai Milk» сүт-тауар фермасында болған. Қаза тапқандардың арасында 51 жастағы Бауыржан Мұхаммед пен оның 20 және 17 жастағы екі ұлы бар. Сондай-ақ осы әулеттің тағы бір туысы көз жұмған.

Марқұмдардың жақындары жұмыс орнында қауіпсіздік талаптары сақталды ма деген сұраққа жауап күтетінін айтты.

Алдын ала мәлімет бойынша, жұмысшылар кәріз құдығында жөндеу жүргізу кезінде көмірқышқыл газынан уланып қалған болуы мүмкін. Қазір оқиғаның нақты себебін тергеу анықтап жатыр.

Оқиғадан аман қалған жалғыз адам – 38 жастағы Азамат Балғабаев. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы тұрақты, алайда психологиялық күйі ауыр.

Ферма басшылығының мәліметінше, 17 жастағы жасөспірім ресми түрде бағбан болып жұмысқа қабылданған. Алайда оның қайғылы оқиға болған жерде не себепті жүргені тергеу барысында анықталады.

Компания әрбір марқұмның отбасына 2 млн теңгеден қаржылай көмек бөлгенін және жерлеу рәсіміне қатысты барлық шығынды өз мойнына алғанын мәлімдеді.

Войдите, чтобы оставить комментарий