"Сүйгені үшін жазаланады": Жұлдыз Әбдікәрімова әсерлі жазба жариялады
Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Алматы қаласында өткен "Сен және Мен" қойылымынан кейін әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі спектакльден кейін көрермендерге алғысын айтып, әйел тағдыры, ана жүрегі, махаббат пен адалдық төңірегінде сыр шертті.
"Кейде әйел сүйгені үшін, түсінгені үшін, адал болғаны үшін жазаланады. Кейде ана жүрек өзгенің баласын өзімдей көріп, бауырына басқаны үшін таңдау құрбандығына шалынады. Кейде өз өмірін ретке келтіруге тырысқаны үшін жапа шегеді. Кейде бақытты болуға тырысқаны үшін ұятты болады. Осының ішінде бір анығы болса, ол – әйел ешқашан ана болудан бас тарта алмайды", – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.
Желі қолданушылары бұл жазбаны қызу талқылап, ондағы ойларды актрисаның өз өмірімен байланыстырып жатыр. Көпшіліктің пікірінше, қойылымдағы оқиғалар өнер иесінің басынан өткен жағдайларға қатты ұқсайды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
15.10.2026
23:16
“Мүмкін, әбден мүмкін!”: Дана Уайттан Шавкат Ра...
15.10.2026
22:34
Семейде сәбиді қоқысқа тастаған ата-анаға сот ү...
15.10.2026
21:38
«Тәте емес, милфа деп ата»: Дильназ Ахмадиеваны...
15.10.2026
21:06
Шымкентте кәсіпкерлер мен шенеуніктерді бопсала...
15.10.2026
20:26
Қазақстан мен Әзербайжан арасында Каспий арқылы...
15.10.2026
19:13
Алтын іздеп ажал құшты: Бестөбеде екі күнде екі...