"Тағдырым Бибігүл апама ұқсаған": Ақбота Керімбекова өзінің үш рет күйеуге шыққаны туралы айтты

29.04.2026 11:20 Мөлдір Қайнар
152
Фото: instagram.com/botakerim

Танымал әнші Ақбота Керімбекова өзінің үш рет тұрмыс құрғанын Өмір өрнегі бағдарламасында айтты. Өнер иесі тағдырының Бибігүл Төлегенова өмір жолына ұқсайтынын да жасырмады, деп хабарлайды Politico.kz.

Әншінің айтуынша, адам өміріндегі сынақтар — заңдылық:

«Бір кем дүние деген бар. Алла Тағала бәрін үйіп-төгіп берсе, оның да өз салмағы болар еді. Әр адамға шүкір мен тәубеге келсін деп өзінше сынақ береді деп ойлаймын. Біреуді баламен, біреуді күйеумен, біреуді әйелмен сынайды. Шүкір, ол жағынан менде ешқандай өкініш жоқ. Әуелі Құдай, одан кейін анам: “Айналайын, өнеріңді тастама. Сенің жеке өмірің ешкімге керегі жоқ” деп айтып отырады. Кез келген ата-ана қызының бақытты болғанын қалайды», — деді ол.

Сондай-ақ, өнер иесі өзінің өмір жолына қатысты ойын жалғастырды:

«Бірақ, қалай болғанда да, бұл — үш баламның бақыты шығар. Ештеңеге өкінбеймін. Бибігүл Төлегенова апамызды көріп, тағдырым осы кісіге ұқсайды екен деп ойлаймын. Айтқан сөздері де менің өміріммен дәл келеді. Егер сол кісі секілді аңызға айналсам, онда менің жеке өмірімнің кімге қажеті бар? Сол себепті бәріне шүкір деймін», — деп түйіндеді әнші.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий