«Тағдырыма ризамын»: Төлеген Мұхамеджанов жұбайын неге музам дейді?

29.12.2025 09:50 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Тағдырыма ризамын»: Төлеген Мұхамеджанов жұбайын неге музам дейді?
0
105
Фото: Instagram жеке парақшасынан

Қазақстанның өнер кеңістігіндегі ең сыйлы әрі үлгілі жұптардың бірі – композитор Төлеген Мұхамеджанов пен опера әншісі Нұржамал Үсенбаева көрерменге ерекше әсер сыйлады. Өнерлі жұп Qazaqstan ұлттық арнасының «Бәрекелді» бағдарламасына сұхбат беріп, таныстық тарихын, бір-біріне деген құрмет пен сүйіспеншілігін еске алды, деп хабарлайды Politico.kz

Нұржамал Үсенбаеваның айтуынша, олардың жолы студенттік шақта тоғысқан.


«Жатақханада Төлеген жиналыс өткізді. Сол сәтте оның сөз саптауы, өзіне сенімділігі мен тартымдылығы бірден көзге түсті», – деп еске алды ол.

Ал Төлеген Мұхамеджанов сол күннен бастап болашақ жарының сұлулығы мен нәзіктігіне тәнті болғанын жасырмады.


«Сол кезден бері біргеміз. Тағдырымның мені Нұржамалмен жолықтырғанына ризамын. Ол – менің аққуым, менің музам», – деді композитор.

Сұхбат барысында жұптың бір-біріне деген ілтипаты, өзара сыйластығы мен рухани үндестігі айқын сезілді. Бұл көрініс көрермен назарынан тыс қалмады.

Желі қолданушылары да жылы лебізін білдіріп жатыр:


«Керемет жұп, бақыттарыңыз баянды болсын»«Өнерлі, дарынды, бір-бірін құрметтейтін нағыз үлгі отбасы»,
«Нұржамал ханымның құлпырып жүргенінен-ақ Төлеген ағамыздың қандай жан екенін аңғаруға болады» деп пікір қалдырды.

Өнер мен өмірді үйлестіре білген бұл жұп көпшілік үшін тек шығармашылық емес, адамдық тұрғыдан да өнеге болып отыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий