Таиландта әпкесі мен інісі із-түссіз жоғалып кетті

30.07.2026 15:32 Мөлдір ҚАЙНАР
Таиландта әпкесі мен інісі із-түссіз жоғалып кетті
143
Фото: instagram

Таиландтың Паттайя курортында Тюменьнен келген 22 жастағы Диана мен оның 17 жастағы інісі Романды алып қашу ісі бойынша ауқымды операция жүріп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Елде жеті жылға жуық тұрып жатқан бауырлар 26 шілде күні байланысқа шығуды тоқтатқан. Олар жоғалар алдында телефонынан бөгде Bluetooth-трекер тауып алғанын айтып, соңынан біреулердің аңдып жүргенін хабарлап үлгерген.

Жергілікті тұрғындар орман ішінде жер қазып жатқан белгісіз ер адамдарды байқап, полиция шақыртқан. Тәртіп сақшылары келгенге дейін күдікті 4 адам қашып үлгерген. Аумақты тексеру кезінде силовиктер жоғалған жастардың бөлшектелген мотоциклін қазып алды.

Қылмысқа басты күдікті ретінде 38 жастағы Тхану (Понг) Кэрдтхонг пен оның сыбайласы Тхонг танылды. Кэрдтхонг – бұрын бала алып қашқаны және заңсыз қару сақтағаны үшін бірнеше рет сотталған қауіпті рецидивист.

Тай арнайы жасағы күдіктінің үйін қоршауға алып, шабуыл жасағанымен, іште тек оның қарындасы болып шықты. Ол ағасы мен досының қаруланып кеткенін жеткізді. Осыған байланысты орман ішіндегі іздеу шаралары уақытша тоқтатылып, маңайдағы тоғанға сүңгуірлер түсірілді.

Қазіргі уақытта туристік полиция күдіктілерге көмектесті деген күдікпен Панг және Сыа Хой есімді жергілікті тұрғындарды ұстады. Ал басты күдіктілерді іздеу жұмыстары жалғасуда, жоғалған бауырлардың тағдыры әлі де белгісіз.

Войдите, чтобы оставить комментарий