Талдықорғанда 14 жастағы қыз ашық жатқан құдыққа құлап кетті
Талдықорғанда түнгі уақытта 14 жастағы қыз абайсызда ашық тұрған құдыққа құлап кетті, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға туралы хабарлама полицияға түскеннен кейін оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері мен жедел жасақтар дереу жеткен.
Оқиға орнында болған 12 жастағы қыздың айтуынша, олар әпкесімен бірге көшеде қашып кеткен марғауды ұстамақ болған. Сол сәтте 14 жастағы қыз ашық тұрған құдықты байқамай, шамамен төрт метр тереңдікке құлап кеткен.
Полицейлер уақыт жоғалтпай арқан түсіріп, қызды құдықтан аман-есен шығарып алды. Кейін ол медицина қызметкерлеріне тапсырылып, қажетті медициналық көмек көрсетілді.
Полицияның жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында жасөспірімнің өміріне қауіп төнген жоқ.
Оқиғадан кейін учаскелік полиция инспекторлары қауіпті құдықты дереу жабу туралы нұсқама беріп, оған жауапты тұлғаларға қатысты тиісті шара қабылдауды талап етті.
Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, балалардың түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүруіне жол бермеу және олардың қауіпсіздігін күшейту қажеттігі ескертілді.
Соңғы жаңалықтар