Талдықорғанда төрт жасар бала клиниканың екінші қабатынан құлап кетті

24.04.2026 09:30 Мөлдір Қайнар
Талдықорғанда төрт жасар бала клиниканың екінші қабатынан құлап кетті
113
Фото: видеодан скриншот

Талдықорғанда жеке клиникада төрт жасар бала екінші қабаттан құлап, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды  Politico.kz.

Оқиға медициналық мекеменің баспалдағында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, бала екінші қабаттан құлап, бас-ми жарақатын алған. Ол шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлер ота жасаған. Қазіргі уақытта оның жағдайы ауыр деп бағалануда.

Оқиға орнына қатысты тағы бір маңызды жайт анықталды: баспалдақ маңында қажетті қауіпсіздік қоршаулары болмаған. Тек тұтқалар орнатылып, аралығы ашық қалған. Оқиғадан кейін ғимаратта жедел жұмыстар жүргізіліп, қосымша қоршаулар орнатылып, қауіпті аймақ жабылған.

Аталған дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу бастағанын мәлімдеді.

«Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жарияланбайды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий