Танымал актер көңілдесімен киноға барамын деп әйеліне ұсталып қалды
5304
Еліміздегі кинотеатрлардың бірінде келеңсіз оқиға тіркелді. Бөтен қызбен фильм тамашалауға барған актер Бокунов Әлішер әйеліне ұсталып қалған, деп хабарлайды Politico.kz Ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.
Аталмыш видео желіде кеңінен тарап, қызу талқыға түсті.
"Сен мұнда не істеп жүрсің? Жұмыстамын деп едің ғой! Мен сенің әйеліңмен. Жұмыстас қызбен киноға осылай гүл ұстап келесің бе? Адамдар қараса қарай берсін. Мен сенен 5 жыл гүл алмадым", - деді келіншек ашуға булығып.
Күйеуі болса не істерін білмей, әйелін тыныштандыруға тырысқан.
"Біз бір қыз таба алмай жүрсек, бұлар екі қызбен ойнап жүр", "Қандай ауыр сезім", "Сорлы еркек, сол гүлді әйеліңе берсең бақытты боласың ғой", "Қыздар жарады", "Екеуін қосып бірге ұру керек еді", - деп желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.
Алайда аталмыш видеоның пранк әрі жақында шығатын киноға жарнама екенін жазып жатқандар да бар. Актердің өзі ресми түсініктеме берген жоқ.
Соңғы жаңалықтар
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...
13.09.2026
16:10
Қаскелеңде бір жылдан бері із-түзсіз кеткен әйе...
13.09.2026
15:14
Шетелдік блогермен видеоға түскен екі полиция қ...
13.09.2026
14:12
Головкин халықаралық спортта жоғары қызметке кө...
13.09.2026
13:15
Тоқаев Үндістанда Путиннің арнайы шақыруын алды
13.09.2026
12:06
Зеленскийден күтпеген мәлімдеме: Путинмен кезде...