Танымал актриса Айым Сейітметова ажырасып кеткенін айтты

20.08.2026 16:51 Мөлдір ҚАЙНАР
Танымал актриса Айым Сейітметова ажырасып кеткенін айтты
77
Фото: instagram.com/aiymsm

Танымал актриса әрі блогер Айым Сейітметова жұбайы Талғатпен ресми түрде некесін бұзғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Блогер бұл шешімді көпшілікке жариялау оңайға соқпағанын, алайда оқырмандарымен шынайы болуды жөн көргенін жеткізді.

"Талғат екеуміз ажырастық. Бұл сөздің артында өміріміздің үлкен бір кезеңі тұр. Жақсы сәттеріміз де көп болды, отбасымыз болды. Ең бастысы – бізді өмір бойы байланыстыратын қызымыз бар", – деп жазды ол.

Актриса отбасының сақталып қалуына мүмкіндік бермеген белгілі бір себептердің болғанын айтып, бірақ оның егжей-тегжейін ашып айтудан бас тартты. Сонымен қатар ол бұрынғы күйеуімен ортақ қыздары үшін сыйластықты сақтап қалатынын атап өтті.

"Қызымыз әке-шешесінің екеуінің де махаббатын сезініп өссе деймін. Біздің ересектер ретінде қабылдаған шешіміміздің салдарын бала көтермеуі керек", – деді актриса.

Сөз соңында Айым Сейітметова желі қолданушыларынан артық әңгіме мен түрлі болжамдар таратпауды өтініп, өмірінде жаңа кезеңнің басталғанын білдірді.

Войдите, чтобы оставить комментарий