Танымал әнші Гүлмира Ізбасқан отызға келіп тұсауын кестірді

02.01.2026 11:51 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Танымал әнші Гүлмира Ізбасқан отызға келіп тұсауын кестірді
0
261
Фото: ашық дереккөз

Әнші Гүлмира Ізбасқан бала күнінде жасалмаған тұсау рәсімін ересек шағында өткізді, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше видеомен бөлісіп, бұл сәтті әзіл-қалжыңмен жеткізді.

«Ассалаумағалейкум! Менің тұсауым кесілмеген екен ғой. Бәсе, құлай беремін. 30-дан асқан соң тұсау кескен қалай екен? Мама, тәй-тәй демейсіздер ме?» – деп жазды ол.

Видеода тұсау рәсімін ер адам жүргізіп, ала жіпті пышақпен кессе, анасы қызына ақ батасын беріп, жүрекжарды тілегін арнады.

«2026 жыл саған табысты жыл болсын. Теңіңді тауып, бақытты бол. Өнерің өрлей берсін. Елдің елеулі, халықтың қалаулысы бол, қызым!» – деді анасы.

Рәсім соңында Гүлмираға жерге қойылған бірнеше заттың бірін таңдау ұсынылған. Алайда әнші олардың барлығын көтеріп алып, «Мұның бәрі – менің таңдауым» деп күлкілі түрде жауап берді.

Желі қолданушылары бұл ерекше қадамды жылы қабылдап, пікірлерін жаудырды.

«Енді күйеуге шығатын шығар», «Сыңарыңды тауып, бақытты бол», «Қадамыңа нұр жаусын» деген тілектер жиі жазылды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий