Танымал асаба әйелі мен енесін өлімші етіп сабап кетті

27.01.2026 14:21 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Танымал асаба әйелі мен енесін өлімші етіп сабап кетті
579
Фото: видеодан скриншот

Алматы облысына қарасты Қаскелең қаласында адам шошырлық оқиға болды. Ер адам әйелі мен енесі тұратын үйге келіп, екеуін де өлімші етіп сабап кетті, деп хабарлайды Politico.kz.

Жәбірленуші әйелдің айтуынша, күйеуінің қол көтеруі бұрыннан жалғасып келе жатқан. Бұл жолы ер адам күректің сабымен әйелін де, анасыны да аяусыз соққыға жыққан. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап, жұртшылықтың жағасын ұстатты.

Жарияланған кадрларда ер адамның қолындағы таяқпен қақпадан кіріп, әйелін бірнеше рет ұрғаны анық көрінеді. Соққының қаттылығынан ағаш сынып кеткен. Әйеліне араша түспек болған анасын да сол таяқпен ұрып, кейін аулада тұрған көліктің терезелерін шағып, оны жүргізуге жарамсыз күйге келтірген.

Жәбірленуші болған жайтты көз жасына ерік бере отырып баяндады:

«Ол мені кезекті рет ұрып-соқты. Көлігімді де бүлдірді. Күректің сабымен аяғымды, арқамды оңдырмай ұрды. Анамды да соққыға жықты. Сол қолымды мүлдем сезбей тұрмын, бет-аузым қан-қан. Балаларымызды сылтауратып, оларды алып кеткен сайын ұрып-соғады. Полицияны шақырдым, қазір күтіп отырмын. Өтінемін, маған көмектесіңіздер. Прокуратураға да арыз жазамын», – деді ол.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты құқық қорғау органдарының ресми пікірі күтілуде.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий