Танымал блогерлер Жанабыловтар отбасы түрмеге отыруы мүмкін
971
Астанадағы сот Ерболат Жанабылов пен Эльмира Толегенованың істерін әкімшілік емес, қылмыстық сипатта деп таныды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Судьялардың шешімі бойынша, блогерлердің әрекеттерінде заңсыз кәсіпкерлік белгілері бар. Сондықтан материалдар Агенттіктің Қаржы мониторингі жөніндегі Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жіберілді.
Атап айтқанда:
- Жанабылов – жеке кәсіпкерлік арқылы қызмет көрсеткенімен, әрекеттері заңсыз кәсіпкерлікке жатқызылды.
- Толегенова – курстар сатып алған адамдар арасында ақшалай ұтыстар ұйымдастырған, бұл да лотерея заңнамасын бұзу ретінде бағаланды.
Осыған байланысты танымал жұпқа қатысты іс енді қылмыстық деңгейде қаралады.
Еске сала кетейік, Ерболаттың аккаунтында 8,4 млн, Эльмираның парақшасында 7,1 млн жазылушы бар. Олардың ұтыс ойындары жиі желіде хитке айналатын.
Соңғы жаңалықтар
25.07.2026
17:14
Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық форумы...
25.07.2026
16:29
Маңғыстауда 16 жасар қызға қатысты зорлық ісі: ...
25.07.2026
15:30
Жамбылда жетім және ерекше қажеттілігі бар студ...
25.07.2026
14:39
«Басшылар үлгі болуы тиіс»: Аида Балаева қайтыс...
25.07.2026
13:15
ЮНЕСКО Қазақстанның тағы бір қазынасын әлемдік ...
25.07.2026
12:30
Small дүкеніндегі даумен танылған қызметкердің ...