Танымал қазақстандық әнші қайтыс болды

20.01.2026 09:33 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Танымал қазақстандық әнші қайтыс болды
0
848
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық өнер қауымына қаралы хабар жетті. Танымал әнші Гүлзира Бөкейхан өмірден өтті, деп хабарлайды politico.kz.

Гүлзира Бөкейхан 1969 жылы Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өлкесінде дүниеге келген. Өнерге бала кезінен бейім болған ол кәсіби сахна жолын ерте бастап, вокал өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырды.

1983 жылы Іле облыстық өнер колледжіне оқуға түсіп, 1986 жылы аталмыш оқу орнын тәмамдады. Алғашқы еңбек жолын Іле облыстық Қазақ ән-би театрында бастады. Кейін білімін жетілдіру мақсатында 1988–1993 жылдары Бейжің ұлттық университетінің музыка факультетінде вокал мамандығы бойынша білім алып, бакалавр дәрежесін иеленді.

1999 жылы тарихи Отанына оралып, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аспирантурасына қабылданды. Мұнда ол КСРО халық әртісі Роза Жаманованың жетекшілігімен білім алып, 2001 жылы оқуын аяқтады.

Осы кезеңнен бастап Гүлзира Бөкейхан Астана қаласында еңбек етіп, Астана мемлекеттік филармониясында, сондай-ақ Президенттік мәдениет орталығында әнші ретінде көрермен ықыласына бөленді. Ол қазақ вокал өнерінің дамуына өзіндік үлес қосып, шәкірт тәрбиелеу мен сахналық мәдениетті насихаттауда да еңбек етті.

Өнер иесінің жарқын бейнесі мен сазды үні көрермен жадында сақталып қала бермек.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий