"Тап қызымды": марқұм Мәдинаның анасы Мадиярмен кездесті
Әлеуметтік желіде қайтыс болған Мәдинаның анасы мен оның өліміне қатысы бар делінген Мадиярдың көшеде кездесіп қалған сәті түсірілген видео тарады. Бұл туралы блогер әрі қоғам белсендісі Жан Ахмадиев жеке парақшасында жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.
Кадрдан қайғыдан қан жұтқан ананың ашуға булығып, күдіктіге қарай ұмтылғанын, ал қасындағы құқық қорғаушы Инга Иманбайдың оны сабырға шақырып, ұстап қалуға тырысқанын көруге болады.
Оқиғаға қатысты Жан Ахмадиев түсініктеме беріп, жақындарының заң аясынан шықпауы маңызды екенін ескертті.
"Достар, Инга заң аясында жұмыс істеп, өз қорғауындағы адамды заң бұзудан сақтап тұр. Ертең анау арыз жазса, мамасы істі болып кетуі мүмкін. Мадиярды ұрып емес, түрмеге қаматып жазалау керек заң аясында!", – деп жазды ол.
Аталған бейнежазба желі қолданушыларының қабырғасын қайыстырып, көпшілік марқұмның анасына қолдау білдіріп, істің әділ тергелуін талап етуде.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
12:31
«Борат» фильмі үшін Саша Барон Коэн қазақтардан...
29.10.2026
12:15
Асханадан саунаға дейін: «Қазақмыс» жұмысшыларғ...
29.10.2026
11:58
Дана Медеуова «Қазақстан балалары» депутаттық т...
29.10.2026
11:54
«Күліп жүргеннің бәрі бақытты емес»: Ердос Қана...
29.10.2026
11:23
12 жылға сотталған ҰҚК подполковнигінің үкімі ж...
29.10.2026
11:20
Жәрдемақыны енді бәріне бірдей бермейді: отбасы...