Тайландта тарихи жеңіс: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті

04.03.2026 22:02 Қарақат АСЫЛОВА
Тайландта тарихи жеңіс: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті
344
Ашық дереккөздерден
Қазақ спортшысы финалда бәрін таңғалдырды

Таиландтың Районг қаласында өтіп жатқан халықаралық жарыста Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, деп хабарлайды Politico.kz.

Жеке каноэ бағдарламасында Александр Куликов үздік нәтиже көрсетіп, чемпион атанды.

Спортшы қашықтықты 86,51 секундта бағындырды. Қақпаға тигені үшін екі секунд айып уақыты қосылғанына қарамастан, Куликов қарсыластарынан озып шықты. Екінші орынды жапониялық Кейго Ямамото иеленсе, үздік үштікті австралиялық Севан Билло түйіндеді.Сондай-ақ қазақстандық Қуаныш Еренғайыпов финалда төртінші орын алып, мықтылар қатарынан көрінді.

Бұған дейін жарыстың алғашқы күндерінде отандастарымыз үш күміс және екі қола медаль жеңіп алған еді. Күміс жүлдегерлер қатарында Иманғали Мамбетoв (каяк), Анастасия Ананьева (каноэ) және Екатерина Таранцева (каяк-кросс) бар. Ал Владислав Рябко мен Тимур Рынк каяк-кросс бойынша қола медаль иеленді.

Турнир 8 наурызға дейін жалғасады. Одан кейін қазақстандық спортшылар Паттайя қаласында өтетін 18 жасқа дейінгі және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатына қатысады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий