Текеліде экскаватор 11 жастағы қызды қағып өлтірді

Текеліде экскаватор 11 жастағы қызды қағып өлтірді
Фото: magnific.com

Жетісу облысының Текелі қаласында 11 жастағы қыз бала экскаватордың астына түсіп, қаза тапты, деп хабарлайды Politico.kz.

Жол апаты 3 қарашада болған. Оқиға сәті бейнебақылау камерасына түсіп, видео әлеуметтік желіде тарады.

Жетісу облыстық полиция департаментінің алдын ала мәліметінше, Volvo маркалы дөңгелекті экскаватордың жүргізушісі жол қиылысынан өтіп бара жатып, жаяу жүргіншілер өткеліндегі қызды қағып кеткен.

Бала алған жарақаттарынан көз жұмды.

Полиция жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғады. Экскаватор жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр. Тергеу барысын Жетісу облыстық полиция департаментінің басшылығы бақылауға алған.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу